Қазақстан бүкіләлемдік көшпенділер ойынында алғашқы жеңіске қол жеткізді

Астана. 3 қазан. ҚазТАГ – Бүкіләлемдік көшпенділер ойынында Қазақстан алғашқы жеңіске қол жеткізді, деп хабарлады Ұлттық және ат спорты түрлері орталығынан.
« IV Бүкіләлемдік көшпенділер ойынында 60 кг салмақтағы санатта Марат Нигматуллаев жеңіске жетті», - делінген хабарда.
Нигматуллаев финалда 2 минутта Моңғолиядан келген балуаннан басым түсті.
Қазақша күреске әлемнің 20-ға жуық елінен 60-тан астам балуан қатысты.

adimage