Қазақстан БҒМ экс-жауапты хатшысы министрлік аппаратына басшы болып тағайындалды

Астана. 27 қаңтар. ҚазТАГ – Қазақстан білім және ғылым министрілгінің аппарат басшысы тағайындалды, деп хабарлады премьер-министрдің баспасөз қызметінен.
«ҚР білім және ғылым министрінің бұйрығымен Қанат Маратұлы Сәрсембаев ҚР Білім және ғылым министрлігі аппаратының басшысы қызметіне тағайындалды», - делінген сәрсенбіде таратылған хабарда.
Сәрсембаев 2019 жылдан 2021 жыл аралығында ҚР Білім және ғылым министрлігінің жауапты хатшысы қызметін атқарған. 2017 жылдан 2019 жыл аралығында Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы болып жұмыс істеді. 2015 жылдан 2017 жыл аралығында Қостанай облысы Ұзынкөл ауданының әкімі қызметін атқарды.
Еске салсақ, 1 қыркүйекте ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдауын жариялаған кезде «жауапты хатшылар институтын таратып, олардың қызметтерін министрлік аппараттарының басшыларына жүктеу қажеттігін» айтқан еді. Мемлекет басшысының айтуынша, «сұраныс бір адамнан болуы тиіс – президент тағайындаған министрден».
Кейін ҚазТАГ ХАА кем дегенде Қазақстан президенті тағайындаған 15 топ-шенеунік Тоқаевтың соңғы тапсырмасына сәйкес жұмыстарынан айырылуы мүмкін екенін хабарлады.

adimage