Астана. 25 қыркүйек. ҚазТАГ – Қазақстанның білім және ғылым министрлігінің ғылым комитетінің қолданбалы математика институты басқа министрлікке берілмек, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің «Қолданбалы математика институты» республикалық мемлекеттік қазынашылық кәсіпорны Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің «Қолданбалы математика институты» республикалық мемлекеттік қызанашылық кәсіпорны болып өзгертілсін», - делінген сәрсенбіде үкімет қаулысының жобасында.
Сонымен қатар, ҚР цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Қолданбалы математика институтына қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласын басқару бойынша құзырлы органды анықтауға ниетті.
Министрлер кабинетінің жобасы 9 қазанға дейін қоғамдық талқылауға шығарылды.
Қазақстан БҒМ қолданбалы математика институты басқа министрлікке берілмек
