Қазақстан БАҚ жетекшілері Бүкілқытайлық журналистер қауымдастығының басшысымен кездесті

Күні: 11:46, 10-11-2014.

Бейжің. 10 қараша. ҚазТАГ – Қазақстан БАҚ жетекшілері Бүкілқытайлық журналистер қауымдастығының (БЖҚ) басшысы Шоучэнь Чжумен кездесті, деп хабарлады агенттік тілшісі.
БЖҚ атқарушы хатшысы Шанхай ынтымақтастық ұйымына кірген бауырлас елдердің өзара байланыстарының маңыздылығын атап өтті. Қытай посткеңестік елдердегі журналистер қауымдастығымен ынтымақтастықты Қазақстан журналситерінен бастады. Ол қазір  Бүкілқытайлық журналистер қауымдастығы орталық және  провинциялық БАҚ-тардан 1 млн-нан астам журналистер қызмет атақаратын газет, журнал, телевидение мен радиоларды біріктіріп отырғанын атап өтті.  
Қазақстан журналистер одағының төрағасы Сейтқазы Матаев жаңа медиатехнологиялардың дамуына байланысты Қазақстан журналистерінің қытайлық нарыққа кіруге мүдделі болып отырғанын мәлім етті. Мысалы ретінде ол биылғы 1 қазаннан бастап Орталық Азия елдерінің жағалықтарын қытайша тарата бастаған және Аспан асты елінің ірі қалаларында өз оқырмандары бар Silkroadnews.org (Жібек жолының жаңалықтары) жаңалықтар агенттігін келтірді.
Бұрын хабарланғандай, Бүкілқытайлық журналистер қауымдастығының шақыртуы бойынша Қытайға келген қазақстандық журналистер делегациясының құрамында Қазақстан Журналистер Одағының басқарма төрағасы Сейітқазы Матаев, «Общественная позиция»  (ДАТ) жобасының жетекшісі Ермұрат Бапи, «Новая Газета – Казахстанның» бас редакторы Александр Краснер, «Айғақ» баспа үйінің президенті Дулатбек Әбіш, Қазақстан Журналистер Одағының Батыс Қазақстандағы филиал төрағасы Ибрагим Жүсіпқалиев бар.


Жаңалықтармен бөлісу: