Қазақстан бала күтіміне байланысты жәрдемақыны ұлғайту мүмкіндігін қарастыруда

Күні: 19:03, 11-02-2019.

Астана. 11 ақпан. ҚазТАГ – Қазақстан бала күтіміне байланысты жәрдемақыны ұлғайту мүмкіндігін қарастыруда, деп мәлім етті ҚР қаржы министрі Алихан Смаилов.
«Бұл мәселелер (бала күтіміне байланысты жәрдемақыны ұлғайту мүмкіндігі – ҚазТАГ) қазір жұмыс тобында қарастырылып жатыр. Біріншіден, бұл бала 1 жасқа толғанға дейін емес, одан ары созу мүмкіндігі және жәрдемақы көлемін көбейту. Тиісті ұсыныстарды енгіземіз. (…) Ол жүзеге асады, және біз қазір сол бойынша жұмыс жасап жатырмыз», - деді А.Смаилов дүйсенбіде үкіметте өткен баспасөз мәслихатында.
Бұл ретте ол нақты сандарды атамады.
«Қазір сіздерге нақты сандарды атамаймын, себебі бұл әлі талқыланып жатыр, сондықтан қазір қандай да бір санды атаған дұрыс болмайды, ертең басқа сан болуы мүмкін. Бұл менің тарапымнан дұрыс болмайды», - деді А. Смаилов.


Жаңалықтармен бөлісу: