Қазақстан Бангладеш президентіне сенім грамоталарын табыстады

Күні: 18:34, 09-11-2018.

Астана. 9 қараша. ҚазТАГ – Қазақстан елшісі Бангладеш президентіне сенім грамоталарын табыстады, деп хабарлады ҚР СІМ сайтынан.  
«Қазақстанның Бангладештегі (қоса атқарушы) Елшісі Б.Садықов Бангладеш Халық Республикасының Президенті Абдул Хамидке сенім грамоталарын тапсырды. Сенім грамоталарын тапсыру салтанатты іс-шарасынан кейін өткен сұхбат барысында екіжақты және көпжақты форматтардағы өзара ынтымақтастың ағымдағы жағдайы мен ынтымақтастықтың перспективалары талқыланды», - делінген жұмадағы хабарда.
Б.Садықов Бангладеш Президентін, Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың бастамасымен жүзеге асырылып кележатқан еліміздің сыртқы және ішкі саясаттарының негізгі басымдықтарымен, сондай-aқ еліміздегі ауқымды саяси және экономикалық өзгерістердің негізгі бағыттарымен таныстырды. Бұл тұрғыда, жүргізіліп жатқан реформалар Қазақстан Республикасының 2050 жылға дейін әлемнің ең озық дамыған 30 мемлекеттерінің қатарына кіруін қамтамасыз ете отырып, қоғам мен экономиканы жаңғыртуға бағытталғаны аталып өтті.
Кездесу соңында Б. Садықов Қазақстан тарапы Бангладеш Халық Республикасымен екіжақты және көпжақты форматтардағы өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі дамытуға дайын екенін ерекше атап өтті.


Жаңалықтармен бөлісу: