Қазақстан Беларусь президентінің сайлауына бес бақылаушысын жібереді

Күні: 19:06, 07-08-2020.

Астана. 7 тамыз. ҚазТАГ – Қазақстан Беларусь президентінің сайлауына бес бақылаушысын жібереді, деп хабарлады ҚР Орталық сайлау комиссиясы баспасөз қызметінен.
«Орталық сайлау комиссиясының қаулысымен 2020 жылғы 9 тамыздағы Беларусь Республикасы Президентінің сайлауына Қазақстан Республикасынан жіберілетін байқаушылардың бесеуінің кандидатурасы бекітілді», - делінген жұмадағы хабарда.
Еске салсақ, 9 тамызда Беларусь президентінің сайлауы өтеді.


Жаңалықтармен бөлісу: