Қазақстан билігі Bek Air билеттерін сатып алудан уақытша бас тартуды ұсынды

Астана. 8 қаңтар. ҚазТАГ – Қазақстан билігі Bek Air билеттерін сатып алудан уақытша бас тартуды ұсынды, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Белгісіз мерзімге «Бек Эйр» әуекомпаниясын пайдалану сертификатының тоқтатылуына байланысты азаматтарға «Бек Эйр» әуекомпаниясының рейстеріне билет сатып алудан уақытша бас тартуды ұсынамыз», - деп хабарлады сәрсенбіде Қазақстанның индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінен.
Еске салсақ, 27 желтоқсанда 07.22-де Алматы-Нұр-Сұлтан бағытындағы Bek Air әуекомпаниясының №Z2100 рейсі ұшу барысында биіктіктен жоғалып, бетон қоршауды бұзып, екі қабатты нысанға соққан. Вице-премьер Роман Скляр нақтылағандай, Bek Air ұшағының артқы бөлігі екі рет ұшу жолағына тиген.
Борттағы ұшақтың өздігінен жазатын құралы табылған. Жалпы барлығы бортта 93 жолаушы, оның үшеуі - нәресте және 5 экипаж мүшесі болған.
Әуеапатынан 12 адам мерт болды, оның ішінде Informburo.kz интернет-порталының журналисі Дана Круглова мен Қазақстан генералдар кеңесінің төрағасы Рустем Қайдаров бар.
Президент Тоқаев ұшақ апатында қаза тапқандардың жақындары мен туыстарына көңіл айтты.
Мемлекет басшысының тапсырмасымен премьер-министрдің басшылығымен үкіметтік комиссия құрылды.
«Кінәлілердің барлығы заңға сәйкес қатал жазаланады», - деді Тоқаев.
27 желтоқсан күні кешкісін президент шұғыл кеңес өткізіп, келесідей тапсырмалар берді: ұшақ апатына соқтырған себептерді сапалы әрі объективті түрде тексеруге; «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» акционерлік қоғамын білікті мамандармен қамту жұмыстарын толық аяқтау шараларын қабылдауға; Қауіпсіздік талаптарына сәйкестендіру үшін барлық әуе компанияларының жұмыстары мен авиациялық инфрақұрылым нысандарын тексеруге тапсырма берді. Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігіне қозғалған қылмыстық іс аясында ұшақ апатына соқтырған себептерді анықтау, кінәлілерді заңға сәйкес жауапкершілікке тарту, сондай-ақ, Алматы әуежайының аумағына жақын орналасқан жеке құрылыстардың заңдылығын зерттеу жөнінде шара қабылдауды тапсырды.
Сондай-ақ, үкіметке Алматы қаласы мен Алматы облысы әкімдіктерімен бірлесіп қаза болған азаматтардың отбасыларына 4 миллион теңге көлемінде материалдық көмек көрсетуді тапсырды. Қайтыс болғандардың жақындарына жан-жақты психологиялық және медициналық қолдау көрсетіледі. Сонымен қатар зардап шеккендердің барлығына қажетті көмек беріледі.
Bek Air әуекомпаниясының қызметі уақытша тоқтатылды.
Ішкі істер министрлігі «Fokker-100» жолаушылар ұшағының Алматы облысы Гүлдала ауылында апатқа ұшырауына байланысты ҚР ҚК 344 бабы 3 бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады.

adimage