Қазақстан билігі дінтанушыларды нақты «тәуекел тобымен» жұмыс жасауға шақырды

Астана. 6 қараша. ҚазТАГ – Махамбет Абжан. Ақпарат және қоғамдық келісім министрі Дәурен Абаев дінтанушыларды нақты «тәуекел тобымен» жұмыс жасауға шақырды.
«Соңғы үш жылда 5 млн адамды қамтыған 77 мыңнан астам түрлі форматтағы шаралар ұйымдастырылып, өткізілді. Алайда ары қарай бұл жұмысты нақты жүргізу керек. Жалпы профилактикалық шараларды қысқартып, нақты тәуекел тобымен жұмыс жасаған дұрыс. Бұл жұмыссыздар, өз-өзін жұмыспен қамтығандар, студент жастар, вахталық әдіспен жұмыс жасаушылар», - деді Абаев сәрсенбі күні Қазақстандағы дінтанушылардың IX форумында.
Форум кулуарында олардың неге «тәуекел тобына»» жататынына тоқталды.
«Себебі діни деструктивті күштер осылармен көп жұмыс жасайды. Сондықтан оларға дұрыс ақпаратты жеткізу керек. Өз-өзін жұмыспен қамтығандар деп базарда жұмыс жасайтындарды айтып отырмын», - деді Абаев.

adimage