Қазақстан билігі Түркістан әуежайының құрылысы үшін инвесторлар іздестіруде

Алматы. 6 мамыр. ҚазТАГ – Динара Жаркеева. Қазақстан билігі Түркістан әуежайының құрылысы үшін инвесторлар іздестіруде, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Түркістан қаласы әуежайының құрылысы» жобасы бойынша қазіргі таңда жобаны жүзеге асыру үшін әлеуетті инвестор іздестірілуде», - деді индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Скляр дүйсенбідегі үкімет отырысында.
Оның айтуынша, қазіргі таңда үш компания қызығушылық білдіріп отыр.

adimage