Қазақстан бойынша ауыз су құнының шашыратылуы 150 еседен астам болып тұр

Күні: 14:09, 04-06-2019.

Астана. 4 маусым. ҚазТАГ – Владимир Радионов. Қазақстан бойынша ауыз су құнының шашыратылуы 150 еседен астам болып тұр, деп хабарлады ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Скляр.
«Ауылдарда ауыз су тарифтері өңірлер бөлінісінде айырмашлыққа ие және қатты шашыратылған: ең төменгі тариф – Жамбыл облысындағы 1 текше метр су үшін Т25 болса, ең жоғарысы – Қостанай облысындағы Т3992. Тұрғындар үшін тарифтер қолданыстағы мемлекеттік қолдау шарасына сәйкес мемлекеттен субсидияланады», - деді Скляр сейсенбідегі үкімет отырысында.
Оның айтуынша, ережеге сәйкес, су үшін тұрғындар суды есептеу құралы бар болған жағдайда 1 текше метріне Т30 тарифімен, ал есептеу құрлалы болмаған жағдайда Т40 тарифімен төлем жасайды, осы тарифтен жоғарылардың барлығы субсидияланады, бүгінгі таңда республикалық бюджеттен шамамен Т13 млрд қарастырылған.
«Бұл ретте жаңа нысандардың пайдалануға берілуіне байланысты субсидиялауға қажеттілік өсіп келеді», - деп санайды Скляр.


Жаңалықтармен бөлісу: