Қазақстан бойынша мәжіліс сайлауына сайлаушылардың келуі 54%-дан сәл асқан

Астана. 19 наурыз. ҚазТАГ – Қазақстан бойынша мәжіліс сайлауына сайлаушылардың келуі 54%-дан сәл асқан, деп хабарлады Қазақстанның Орталық сайлау комиссиясының баспасөз қызметінен.
Жексенбі күні ұсынылған ақпарға сәйкес, Астана уақытымен 22.00-дегі жағдай бойынша бюллетеньдерді сайлаушылардың 54,19% -ы ғана алған.
Еске салсақ, сайлауға қатысуға «Ақ жол», Amanat, «Ауыл», «Байтақ», Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы, Қазақстан халық партиясы және Respublica партиясы жіберілді, сонымен қатар 600-ге жуық өз-өзін ұсынушылар бар.

adimage