Қазақстан COVID-19 жағдайы бойынша 110 орында, ал КВИ-ге тест тапсыру бойынша 71-орында

Астана. 16 сәуір. ҚазТАГ – Адель Рустемова. Қазақстан COVID-19 жағдайы бойынша 110 орында, ал КВИ-ге тест тапсыру бойынша 71-орында, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Пандемия басталғалы Қазақстан Республикасы рейтингте 1 млн халыққа 14 565 көрсеткішімен 110 орында тұр, ал COVID-19 дертінен адам өлімінің саны бойынша әлемде 107 орында, КВИ-ден жазылғандар саны бойынша ҚР үлестік салмағы 98,4%. Халықты тестілермен қамтуда Қазақстан әлемдік рейтингте 71 орында тұр», - деп хабарлады WorldMeters.
COVID-19 дертін жұқтыру бойынша АҚШ көш бастап тұр, екінші орында Үндістан, үшінші орында Бразилия. Сонымен қатар бірінші бестікке Франция мен Ресей кірген.

adimage