Алматы. 10 қыркүйек. ҚазТАГ – Қазақстан делегациясы Өзбекстандағы кәсіпкер-әйелдердің бизнес-форумына қатысады, деп хабарлады Өзбек телеграф агенттігі (ӨзТАГ).
«12 қыркүйекте Ташкентке Қазақстан президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрағасы, мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіхалықова бастаған Қазақстан Республикасының делегациясы барады», - делінген Өзбекстанның сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіндегі хабарда.
Хабарда атап өтілгендей, олар Өзбекстан мен Қазақстанның кәсіпкер әйелдерінің бизнес-форумына және ортақ кооперациялық биржасына қатысады.
Сондай-ақ, қазақстандық делегация Самарқанға да барады.
Қазақстан делегациясы Өзбекстанда кәсіпкер-әйелдер форумына қатысады
