Қазақстан денсаулық сақтаумині оқу жылының бірінші тоқсанын онлайн режимінде өткізуді ұсынды

Астана. 14 шілде. ҚазТАГ – Мәдина Әлімханова. ҚР денсаулық сақтау министрі Алексей Цой жаңа оқу жылының бірінші тоқсанын қазақстандық мектептерде онлайн режимінде өткізуді ұсынды.
«Ұйымдасқан ұжымдарда инфекцияның таралу қаупі жоғары. Тәжірибе көрсетіп отырғандай, жыл сайын ЖРВИ және тұмаумен ауырған 14 жасқа дейінгі балалардың үлесі жалпы науқастардың 70% құрап отыр. Оқу орындарындағы оқушылардың арасында жіті респираторлық инфекциялық аурулардың маусымдық өршуін және коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жадайды ескере отырып, оқу жылының бірінші жартыжылдығында онлайн оқыту мүмкіндігін қарастырған жөн деп санаймыз», - деді Цой сейсенбідегі үкімет отырысында.
Бұл ретте ол атап өткендей, мектептерде іштей оқытуды жандандыру аурудың өршіп кетуіне алып келуі мүмкін.
«Қазіргі таңда Қазақстан Республикасында коронавирусты инфекцияны жұқтырудың 60 мыңға жуық дерегі тіркелді, оның ішінде 1700-ге жуығы бала. Карантиин кезінде балалардың инфекция жұқтыру дерегі төмендеді. Ал мектептерде оқытуды қайта бастасақ, балалар арасында аурудың өршуіне, тіпті инфекцияның мектеп сыртында таралуына алып келуі, оған қоса қоғамда инфекцияның таралуына балалардың себеп болуы мүмкін», - деді ол.

adimage