Қазақстан әділет министрлігінің жауапты хатшысы ауысты

Астана. 19 наурыз. ҚазТАГ – Азамат Әміргалиев Қазақстан әділет министрлігінің жауапты хатшысы болып тағайындалған, деп хабарлады Ақорда баспасөз қызметінен.
«Мемлекет басшысының Өкімімен Азамат Халимеденұлы Әмірғалиев Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің жауапты хатшысы болып тағайындалды», - делінген сейсенбідегі хабарда.
Әмірғалиев соңғы жылдары Қазақстан президенті істері басқармасы аппаратының басшысы болып қызмет атқарған.

adimage