Астана. 20 қазан. ҚазТАГ - Қазақстан еңбек қауіпсіздігі мен гигиенасына жәрдемдесетін негіздер туралы конвенцияны ратификациялады, деп хабарлады ҚР президентінің баспасөз қызметінен.
«Мемлекет басшысы «Еңбек қауіпсіздігі мен гигиенасына жәрдемдесетін негіздер туралы конвенцияны (187-конвенция) ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды», - делінген дүйсенбіде Ақорда сайтындағы хабарда.
Заң мәтіні баспасөзде жарияланады.
Бұған дейін хабарланғандай, Қазақстанда аталмыш конвенцияны мақұлдайтын сәт туды, себебі кәсіби қауіптер, жұмысшылардың денсаулығына зиян келу деңгейі жоғары болып отыр. Статистика ағенттігінің ақпарынша, 2014 жылы қауіпті және зиянды еңбек саласында жұмыс жасайтын жұмысшылар саны барлық жұмыспен қамтылғандардың 376 мыңдайын құраған. Немесе бұл дегеніңіз жұмыспен қамтылғандардың әр бесіншісі дегенді білдіреді. Олардың ішінде шу мен діріл деңгейінің жоғарылығы жағдайында 40%-ы, жұмыс аймағының газбен және шаңмен жоғары ластану жағдайында 35%-дан астамы еңбек еткен.
Еңбек қауіпсіздігі мен гигиенасына жәрдемдесетін негіздер туралы конвенция Женевада 2006 жылы 15 маусымда халықаралық еңбек ұйымының бас конференциясының 95-ші сессиясында қабылданған
Қатысты сілтемелер
-
Астанада оқыс жағдайда бұл тұрғындарға бас сауғалайтын жерасты метросын салуды ұсынды29 Қыркүйек 2023, 17:47
-
"C5 + Германия" диалогы елдер арасындағы ынтымақтастыққа тың серпін береді- Тоқаев29 Қыркүйек 2023, 17:26
-
Алдағы үш тәулікте Қазақстанда желдің күшеюі және ауа температурасының төмендеуі күтілуде29 Қыркүйек 2023, 17:11
-
Тоқаев Берлинде Германия президентімен кездесті29 Қыркүйек 2023, 15:41
-
Қазақста билігі алматылық апортты географиялық көрсеткіш ретінде тіркеуге дайындалуда29 Қыркүйек 2023, 15:40