Қазақстан ЕАЭО туралы келісімді ратификациялады

Астана. 14 қазан. ҚазТАГ – Мемлекет басшысы Н. Назарбаев «Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартты ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының заңына қол қойды, деп хабарлады президент баспасөз қызметінен.
«Мемлекет басшысы «Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартты ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының заңына қол қойды», - делінген Ақорданың ресми сайтында сейсенбі күні жарияланған хабарда.
Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.
Бұрындары хабарланғандай, Еуразиялық экономикалық одақ 2015 жылғы 1 қаңтрадан бастап жұмысын бастайды. Одақты құрудағы мақсат  - бірыңғай нарық құруда, тауарлар, қызмет, инвестициялар, жұмыс күшінің қозғалысына кедергілерді алып тастауда, үйлесімді экономикалық саясат жүргізуде.
ЕАЭО ұлт деңгейінен жоғарғы органы «бір ел бір дауыс» қағидасымен жұмыс істейді.  
Еуразиялық экономикалық комиссияның кеңесі мен коллегиясындағы жоғарғы органындағы басшылық позицияларға қатысушы-мүше елдерден тең сандағы өкілдер тағайындалады. Келешектегі 2030 жылға қарай ЖІӨ өсуі түріндегі интеграциялық эффект $900 млрд болады деп бағалануда.
Еуразиялық экономикалық комиссияның штаб пәтері Мәскеуде,  ЕАЭО соты Минскіде, ал қаржылық реттеуші – Алматыда орналасады.
Еске салсақ, 3 қазанда РФ президенті Владимир Путин Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) туралы келісімді ратификациялау туралы заңға қол қойды. Кейін 9 қазанда ЕАЭО туралы келісімді ратификациялау туралы заңға Беларусь президенті Александр Лукашенко қол қойды.

adimage