Қазақстан экономиканы өсіру үшін 9,6 трлн теңге инвестиция салады

Астана. 24 маусым. ҚазТАГ- Қазақстан экономиканы өсіру үшін 9,6 трлн теңге инвестиция салады, деп хабарлайды үкіметтің баспасөз қызметі.

«Экономикадағы өсімді қамтамасыз ету үшін 9,6 трлн теңге инвестиция жасау жоспарлануда. Бұл сомаға бюджетте қарастырылған бюджеттік инвестициялар және бюджеттен тыс инвестиция көздері кіреді»,- деп хабарлады премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров.

Байбазаровтың айтуынша, негізгі бөлігін 7 трлн теңге көлеміндегі бюджеттен тыс инвестиция көздері алады, біріншіден, бұл біздің ұлттық холдингтеріміздің қаражаты.

Фото көзі: pixabay.com


adimage