Қазақстан экономикасында барлық бағыт бойынша көрсеткіштің өсуі тіркелді - Назарбаев

Күні: 11:40, 30-01-2019.

Астана. 30 қаңтар. ҚазТАГ – Экономикада барлық бағыт бойынша көрсеткіштің өсуі байқалады, деп мәлім етті Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев сәрсенбі күні Астанада үкіметтің кеңейтілген отырысының ашылуы барысында.
«(ЖІӨ – ҚазТАГ) өсімі 4% құрады, сауда саласы - 7,6% өсімді құрады, қалған салаларда да өсім бар. Инфляция, біз жоспарлағандай 5% болды. Бұл да жақсы көрсеткіш деп айтуға болады». – деді мемлекет басшысы.
Ол атап өткендей, «барлық аталған көрсеткіштер, әлбетте, халқымыздың әл-ауқатына бағытталған».
«Бүгін біз осы нәтижелерді талқылап, жоспарлар туралы сөйлесетін боламыз», - деді президент.


Жаңалықтармен бөлісу: