Қазақстан экономикасының 2015 жылғы дамуының пессимистік сценарийі мұнай бағасын барреліне $70 болады деп болжап отыр

Күні: 17:33, 04-11-2014.

Астана. 4 қараша. ҚазТАГ - Жанболат Мамышев. Қазақстан экономикасының 2015 жылғы дамуының пессимистік сценарийі бойынша Brent маркалы мұнай бағасын жылдық орташа есепте барреліне $70 болады және ҚР ЖІӨ өсімі шамалы ғана болады деген  болжам жасалуда, деп хабарлады ҚР ұлттық экономика вице-министрі Мәдина Әбілқасымова.  
«Базалық сценарий бойынша Brent маркалы мұнай бағасын жылдық орташа есепте барреліне $80 болады дегенімен, пессимистік сценарий бойынша барреліне $70 болады деп алынды. ЖІӨ қсуін келесі жылға 4,8% болады деп күтудеміз. Бюджетті есептегенде біз әр кез базалық сценарий – 2015 жылы барреліне $80 және 2016-2017 жылдары біз бағаны 90 долларға дейін өседі деп күтудеміз», - деді М. Әбілқасымов сейсенбі күні журналистерге.
Оның айтуынша, 2015 жылға оптимистік сценарий бойынша Brent маркалы мұнай бағасын жылдық орташа есепте барреліне $90 болады деп болжануда.
«Теріссценарий орын алған жағдайда да біз экономика өседі деп күтудеміз», - деді ол. Бірақ ол 2015 жылы егер Brent маркалы мұнай бағасы жылдық орташа есепте барреліне $70 болса, ҚР ЖІӨ өсімінің нақты цифрлары қандай болатынын айтпады.


Жаңалықтармен бөлісу: