Қазақстан экспортының 77%-ын шикізат құрайды

Күні: 15:25, 10-11-2014.

Астана. 10 қараша. ҚазТАГ – Асхат Ахметбеков.  Қазақстан экспортының 77%-ын шикізат құрайды, деп хабарлады «Kaznex Invest» Ұлттық экспорт және инвестициялар агенттігі» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Мейіржан Майкенов.
«Әлбетте, сөзсіз, Қазақстанды әлемде минералды ресурстарға бай ел және энергоресурстардың негізгі жеткізушісі ретінде таниды. Біздің экспортымыздың шикізатқа бағытталғандығы және ешкімге жасырын емес. Бүгінгі таңда экспорт құрылымы келесідей көрініс табады: 77-нің 23-ке қатынасы, яғни 77% бұл – шикізаттық экспорт, 23% ол – өңделген экспорт», - деді М. Майкенов дүйсенбідегі брифингіде.
Оның мәліметінше, Қазақстан 2013 жылы тауарлар экспортына жалпы сомасы «$85 шақты млрд» қаражат жолдаған.
«Және де біз әлемнің 50 ірі экспортерінің қатарына ендік», - деп бас айтты Kaznex Invest өкілі.
Kaznex Invest мағлұматтарына сәйкес, қазіргі кезде Қазақстан уран жеткізуден бірінші позицияны, ұн бойынша – екінші, мұнайдан – тоғызыншы және бидайдан оныншы орындарды ала отырып, әлемдік экспорттаушылардың ішінде 42-орынға жайғасты. Атап айтқанда, Қазақстан нарықтың 90%-ын ала отырып, Өзбекстан, Тәжікстан, Түркіменстан нарықтарында ұн бойынша негізгі жеткізуші болып табылады. Қазақстандық уран Қытай нарығының 67% үлесін алады, ал отандық макарон өнімдері – Грузия мен Қырғызстанның 40%-ға жуық еншісін.
«Жыл сайын 180-нен 200 мыңға дейінгі экспорттық операциялар Қазақстанда жүзеге асырылады, әлемнің 120 елімен саудаласамыз», - деп атап өтті М. Майкенов.
Сонымен қатар қазақстандық экспорттық тауарлардың тізімдемесі (номенклатура) 2013 жылы өнімнің 950 түрін құрады, ал бұл көрсеткіш 2008 жылы 880 болған.
«Яғни бізде экспортқа арналған 70 жаңа тауарлық позиция пайда болды. Мысалы, теміржол локомотивтері – бізде экспорт түгілі, ол машиналардың өндірісі де болмаған еді – біз енді оларды экспорттап жатырмыз. Қазір аз жүкке бейімделген жүк көліктерін экспорттаймыз, желдеткіш құрылғыларын экспорттаймыз, қара және алуан түсті металлургия өнімдерінің, химиялық тыңайтқыштардың, тамақ өнімдерінің жаңа түрлерін экспорттаймыз. Мәселен, Қытайға қазірдің өзінде алколольсіз ішімдіктер, кондитерлік өнімдер секілді тамақ өнімдері, мотор майларының жеткізілімдері басталып та кетті. Аустрияның жалға беретін бекеттеріне, тау шаңғысы курорттарына Қазақстанда жасалған спорттық киімдер жеткізіледі. Швейцария бекеттерінен Қазақстанда жасалған велосипедтерді көруге болады, Жапонияға ендігі бал тасып жатырмыз», - деп түсіндірді ол.
М. майкеновтың айтуынша, қазіргі таңда Kaznex Invest «Кедендік одақ елдері, Орталық Азия, Кавказ, Иран, Ауғанстан елдерін» қосқанда, 12 ел бойынша «елдік экспорттық деп аталатын стратегия жасап шығару жұмысын жүргізіп жатыр». Сондай-ақ ұлттық экспорт және инвестициялар агенттігі «мына елдерде өкілдіктерін ашуды жоспарлауда»: Kaznex Invest 8 өкілдігі Ресейдің шекаралас өңірлерінде, Орта Азия елдерінде, Белоруссияда, сондай-ақ Кавказ бен Иран елдерінде таныстырылмақ.
«Мысалы, 2015 жылы, келесі жылы, Новосибирск және Бішкек қалаларында өкілдіктерімізді ашатын боламыз», - деп нақтылады ол.


Жаңалықтармен бөлісу: