Қазақстан фермерлер одағы 2015 жылғы егін егуге тұқым тапшылығы болуы мүмкін деп болжап отыр

Астана. 3 қараша. ҚазТАГ – Қазақстан фермерлер одағы 2015 жылғы көктемгі егін егуге тұқым тапшылығы болуы мүмкін деп болжап отыр, деп хабарлады республикалық қоғамдық бірлестік баспасөз-қызметінен.
«Келесі жылы көктемде тұқым проблемасы басталады. Қар астынан алынған, су болған дән тұқымдыққа жарамайды, демек аграрийлер үшін тұқым бағасы аспанға ұшады. Үкімет тезірек ТЖ (2014 жылғы астық жинауда орын алған төтенше  жағдайды – ҚазТАГ) мойындаса, соғұрлым біз келешекте үлкен проблемалардан құтылар едік», - деп айтқан Қазақстан фермерлер одағының басшысы Әуезхан Дәріновтың дәйексөзін баспасөз қызметі келтіреді.
Ә. Дәрінов 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап Еуразиялық экономикалық одақ толық күшімен жұмысқа кіріседі, ресейлік фермерлер астық шықпай қалған шығын орнын бюджет арқылы жауып отырады.
«Ал біз? Қайтадан қарызға батамыз», - деп есептейді ол.
Бұрындары астық жинау науқаны кезінде жауын жауып, арты қарға айналуынан астық сапасы төмендегені айтылған. Астық қабылдайтын пунктерге 4-5 класстық астық түсіп жатыр.

adimage