Қазақстан индустрия минінің көлік комитетінің төрағасы ауысты

Күні: 14:29, 12-03-2019.

Астана. 12 наурыз. ҚазТАГ – Самат Гилимов ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің (ИИДМ) көлік комитетінің төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлады Қазақстан премьер-министрінің баспасөз қызметінен.
«ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің бұйрығымен Көлік комитетінің төрағасы лауазымына Самат Қуанышұлы Гилимов тағайындалды», - делінген сейсенбідегі хабарда.
Сонымен қатар, министрдің бұйрығымен басқа жұмысқа ауысуына байланысты А. Батанов Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің төрағасы қызметінен босатылды..


Жаңалықтармен бөлісу: