Қазақстан интернет қолданушылар саны бойынша рейтингте 45-орында

Күні: 12:20, 28-10-2019.

Астана. 28 қазан. ҚазТАГ – Махамбет Абжан. Қазақстан интернет қолданушылар саны бойынша рейтингте 45-орында, деп мәлім етті цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев.
«Қазақстанда 2018 жылы интернет қолданушылар саны 81,3% құрап, бүкіләлемдік рейтингте Қазақстан 45-орынға тұрақтады», - деді Жұмағалиев дүйсенбі күні мәжілістегі «250-ден астам тұрғыны бар елдімекендердің интернетке қолжетімділігін қамтамасыз ету бөлігінде «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру» тақырыбындағы үкімет сағатында.
Министр атап өткендей, қазіргі таңда елімізде кеңжолақты интернетке қолжетімділік қызметі 117 қала мен 3324 ауылдық елдімекенде бар. Оның айтуынша, олар түрлі технологиялармен жүзеге асырылуда, соның ішінде талшықты-оптикалық линия желісімен, 3G және 4G байланыс стандарттарымен.
«2018 жылы Қазақстан ұялы байланыс абоненттерінің саны бойынша бүкіләлемдік рейтингте 21 орынды иеленді», - деді Жұмағалиев.


Жаңалықтармен бөлісу: