Қазақстан өңірлері бойынша автомобиль газының бөлшек саудадағы шекті бағалары аталды

Астана. 9 сәуір. ҚазТАГ – Қазақстан өңірлері бойынша автомобиль газының бөлшек саудадағы шекті бағалары аталды, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Қазақстан Республикасының аумағында автокөлікке газ құю станцияларында автокөліктерге жанар май құю үшін сұйытылған мұнай газының бөлшек саудадағы шекті бағасы бекітілсін», - делінген ҚР ұлттық экономика және энергетика министрлігінің біріккен бұйрығында.
Төменде ҚҚС қоса есептегендегі шекті бағалары ұсынылған, 1литрі/теңгемен:
Нұр-Сұлтан – 70;
Алматы – 69;
Ақтөбе облысы– 54;
Атырау облысы – 53;
Ақмола облысы – 57;
Алматы облысы – 70;
Шығыс Қазақстан облысы – 68;
Жамбыл облысы – 64;
Батыс Қазақстан облысы – 68;
Қостанай облысы – 65;
Қызылорда облысы – 60;
Қарағанды облысы – 73;
Маңғыстау облысы – 50;
Павлодар облысы – 63;
Солтүстік Қазақстан облысы – 65;
Түркістан облысы – 57;
Шымкент – 55.
Еске салсақ, 3 сәуірде энергомині мәлімдегендей, Қазақстанда мемлекеттік реттеу енгізіле отырып, төтенше жағдай кезеңінде автокөліктерге жанар май құю үшін сұйытылған газдың бағасы тұрақталатын болады.

adimage