Алматы. 22 қаңтар. ҚазТАГ – Қазіргі уақытта «7-20-25» бағдарламасының белсенді жүруіне шектеу болып отырған жәйт бастапқы баспананың болмауы, деп хабарлады ҚР Ұлттық банк басшысы Данияр Ақышев.
«Қазіргі уақытта шектеудің бірі бастапқы баспананың, ең алдымен, өңірлерде баспананың жетіспеушілігі болып табылады. Осыған байланысты Бағдарлама талаптарына сай келетін тұрғын үй құрылысын Қазақстанның перспективалық өңірлерінде қамтамасыз ету маңызды. Ол үшін тұрғын үйге сұранысты, демографиялық өсуді және халықтың көшіқонын ескеру керек. Алдын ала бағалау бойынша азаматтардың Бағдарлама бойынша 2019 жылы баспанаға деген қажеттілігі шамамен 16 мың пәтер болады», - деп келтірілген Ұлттық банктің баспасөз қызметінің хабарында Д.Ақышевтің сөздері.
Бұл ретте ол атап өткендей, бағдарламаны жандандыру үшін 2018 жылғы желтоқсанда мемлекеттік тұрғын үй бағдарламаларына өзгерістер енгізілген. «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша салынған үйлер Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі арқылы салымшылар мен кезекте тұрғандарға және барлық азаматтарға «7-20-25» бағдарламасы бойынша ипотекалық қарыздар арқылы сатылуы мүмкін.
«Бастапқы жарнаны азайту үшін қызметкерлердің жекелеген санаттарына қолдау көрсетілуде. Жеңілдік берілген ипотека бойынша бастапқы жарнаны субсидиялау механизмі енгізілді. Ол әлеуметтік және бюджеттік сала қызметкерлеріне тұрғын үй сертификаттарын беру нысанында жүзеге асырылады», - деп атап өтті Ұлттық банк баспасөз қызметі.
Ол жекелеген өңірлердің тұрғын үй сертификаттарын беруге кірісіп кеткенін хабарлады.
«Мысалы, Астана әкімдігі 1 млн теңге бастапқы жарнаны субсидиялау үшін мұғалімдерге, дәрігерлерге және полиция қызметкерлеріне 100 сертификат берді. Тұрғын үй сертификаттарын беру нақты сипатта болуға тиіс және Бағдарлама басында ғана болуы мүмкін», - деп түсіндірді Д. Ақышев.
Оның айтуынша, тұрғын үй ұсынысын ұлғайту үшін Қазақстан Ұлттық Банкі «Баспана» компаниясының жергілікті атқарушы органдардың нарықтық талаптармен 150 млрд теңгеге дейін сомадағы облигацияларын сатып алуына рұқсат берді.
«Бүгінде бұл тетікті Шымкент қаласының әкімдігі ғана 10 млрд теңге мөлшерінде пайдаланды. «Баспана» ұйымынан қаржыландыру тарту құқығын басқа әкімдіктерге беру мүмкіндігін қарастыру қажет», - деді Д.Ақышев.
Д. Ақышевтың айтуынша, Бағдарламаға қатысу талаптарының бірі – меншік құқығында баспананың болмауы. Сонымен қатар азаматтардың меншікті баспанасы болып, қосымша баспана талап етілетін көптеген жағдай бар. Д. Ақышев халықтың қажеттілігін назарға ала отырып, Қазақстан Ұлттық Банкінің Үкіметке Бағдарламаға меншік құқығында баспанасы бар азаматтарға қатысу құқығын беру мүмкіндігін зерделеуді ұсынатынын атап өтті.
«Жалпы алғанда, ұсынылған шаралар Бағдарламаны жандандыруға қосымша қарқын беруге және Мемлекет басшысының азаматтарды қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету тапсырмаларын іске асыруды тездетуге мүмкіндік береді деп есептейміз», - деді Д.Ақышев.
Ұлттық банк басшысының ақпарынша, жалпы алғанда, ұсынылған шаралар Бағдарламаны жандандыруға қосымша қарқын беруге және Мемлекет басшысының азаматтарды қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету тапсырмаларын іске асыруды тездетуге мүмкіндік береді деп есептейміз.
Қазақстан өңірлерінде бастапқы баспананың жетіспеушілігі «7-20-25» бағдарламасының белсенді жүруіне кедергі болып отыр
