«Республиканың 14 өңірінде шегіртке зиянкестерімен күресу мақсатында 464 мың гектардан астам алқап өңделді. 22 мамырдағы жағдай бойынша 2,8 млн гектар жер зерттеліп, оның ішінде 498 мың гектары шегіртке жәндіктерімен залалданғаны анықталды және олар өңдеуді қажет етеді», – делінген хабарламада.
2025 жылы шегірткелердің таралу аумағы 2,1 млн гектарды құрайды. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 1 млн гектарға аз.
Айта кетейік, шегірткенің ең көп таралуы Қостанай, Ақтөбе, Түркістан және Батыс Қазақстан облыстарында болады. Мониторинг пен өңдеу шараларына 4 625 адам тартылған. Жалпы алғанда, зиянкестермен күреске 443 бірлік арнайы техника жұмылдырылады.
Мониторинг және өңдеу шараларына 4 625 маман тартылған.
«Мысалы, Түркістан облысында марокко шегірткесіне қарсы өңдеу жұмыстары аяқталуға жақын, ал тазарту шаралары жалғасуда. Жамбыл облысында негізгі өңдеулер аяқталып, итальяндық прусқа қарсы қорғану шаралары жүргізіліп жатыр», – деп мәлімдеді министрлік.
Сондай-ақ, итальяндық прусқа қарсы химиялық өңдеу Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда облыстарында, сондай-ақ Абай, Жетісу және Ұлытау облыстарында жүргізілуде.
Фото көзі: Freepik