Қазақстан күзде Нұр-Сұлтан қаласында Ауғанстан бойынша ЕҚЫҰ кездесуін өткізуді ұсынды

Астана. 9 шілде. ҚазТАГ – Қазақстан ағымдағы жылдың күзінде Нұр-Сұлтан қаласында Ауғанстан бойынша ЕҚЫҰ кездесуін өткізуді ұсынды, деп хабарлады ҚР сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
«Осы тұрғыда қазақстандық тарап ағымдағы жылдың күзінде Нұр-сұлтан қаласында ЕҚЫҰ жанындағы қатысушы мемлекеттердің тұрақты өкілдерін Қазақстанға сапармен байланыстыра отырып, Ауғанстан бойынша арнайы іс-шара өткізуді ұсынды», - деді Сыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұлов ЕҚЫҰ-ның қазіргі төрағасы, Словакия Республикасының Сыртқы істер министрі Мирослав Лайчакпен келіссөздер жүргізу қорытындысында.
Қазақстандық дипломаттардың пікірінше, «ЕҚЫҰ осындай іс-шараны өткізу ұйымның жағдайды реттеуге және Ауғанстанды конфликтен кейінгі қалпына келтіруге тартылуын арттырады».
«Тараптар ЕҚЫҰ кеңістігінде ұзақ мерзімді тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуде ерекше рөл атқаратын Ауғанстандағы жағдайды жеке тармақпен талқылады. Осыған байланысты Ауғанстанды әскери емес әдістермен қалпына келтіруге жәрдемдесу 2010 жылы ЕҚЫҰ-ға қазақстандық төрағалық ету басымдықтарының бірі болды», - делінген хабарда.

adimage