Қазақстан карантиндік өнімдер бойынша шекарадағы Ресейдің заңсыз амалдары туралы мәлімдеді

Күні: 14:17, 02-10-2018.

Астана. 2 қазан. ҚазТАГ – Қазақстан РФ-ға карантиндік өнімдер бойынша инспекторлардың заңсыз әрекеттері туралы арнайы хат жолдайтын болады, деп хабарлады ҚР ауыл шаруашылығы министрлігінің сайтынан.  
«Россельхознадзорға қазақ-ресей шекарасындағы карантиндік өнімдер бойынша инспекторлардың заңсыз әрекеттері туралы арнайы хат жолданатын болады. Егер, өсімдік өнімдерін экспорттаушы, өндірушілердің тізімінде жоқ деген себеппен өнімдер қайтарылған жағдайда, Қазақстан Ресей Федерациясынан өнім тасымалдаушыларына да осындай шараларды қолдануға мәжбүр болады», - делінген сейсенбідегі хабарда.
Хабарда нақтыланғандай, Ресей Федерациясына өсімдік өнімдерін экспорттаушы өндірушілердің тізімінде жоқ деген себеппен карантиндік өнімді қайтару заңсыз болып табылады.
Еуразиялық экономикалық одақтың карантиндік өнімдердің нормативтік құқықтық актісі аясында өсімдік өнімдерін экспорттаушы өндірушілердің тізімі қарастырылмаған.
«Сонымен қатар, қарастырылмаған заңдылық талаптарына байланысты өнімдерді қайтару сыртқы экономикаға қызмет көрсетушілерге қысым көрсету болып табылады.
Карантиндік өнімдерді қайтару немесе жою туралы нақты жағдайларға байланысты, Шекаралық одақ Комиссиясының шешімімен 2010 жылғы 18 маусымда Еуразиялық экономикалық одақтың шекаралық аумағында карантиндік фитосанитариялық бақылауды жүзеге асырудың тәртібі туралы № 318 Ережесі бекітілген. Сондай-ақ, 2016 жылғы 30 қарашада бекітілген Еуразиялық экономикалық Комиссияның Еуразиялық экономикалық одақтың карантиндік фитосанитариялық талаптарының бірыңғайлылығы туралы № 157 шешімінде, карантиндік өнімдерді тасымалдау кезінде кәсіпорынның көрсетілген тізіліміне енгізілу талаптары көрсетілмеген», - деді министрліктен.
Еске салсақ, 28 қыркүйекте Россельхознадзордың ресми сайтында РФ-ға өсімдік өнімдерін экспорттаушы өндірушілердің тізімінде жоқ деген себеппен карантиндік өнімі бар (картоп өнімі – 15 т, қауын-40 т) 3 автокөлік құралы кері қайтарылған болатын.


Жаңалықтармен бөлісу: