Қазақстан кеніштерінде мұнай өндірісінің өзіндік орташа құны $50/барр. құрайды

Күні: 18:04, 21-10-2014.

Астана. 21 қазан. ҚазТАГ - Жанболат Мамышев. Қазіргі уақытта Қазақстан кеніштерінде мұнай өндірісінің өзіндік орташа құны $50/барр. құрайды, деп хабарлады ҚР энергетика вице-министрі Ұзақбай Қарабалин.

«Мұнай өндірісінің өзіндік құны туралы айтсақ, әрине, ол көп жағдайда кенішке байланысты. Бізде қазір 200 кеніш бар, және олар әр деңгейде игерілуде, шығын да әр деңгейде, бірақ орташа алғанда біздің дәстүрлі кеніштерімізде мұнай өндірісінің орташа өзіндік құны 50 доллар, бірақ жекелеген кеніштерде ол екі жаққа да ауытқуы мүмкін. Яғни, бізде мұнайдың өзіндік құны мен оны сату арасында қорымыз бар», - деді Ұ. Қарабалин сейсенбі күнгі брифингте.  

Бұл ретте вице-министр қазақстандық мұнайды тасымалдау құнын да ескеру керектігін еске салды.
Оның айтуынша, әлемдік мұнай бағасының одан ары арзандауынан мұнай өндірісі шығынды болатын болса, онда, сөзсіз, жер қойнауын пайдаланушылар жаңа кеніштерді бұрғылауды доғарып, тиімділікті сақтау туралы мәселені шешуі керек болады.


Жаңалықтармен бөлісу: