Астана. 17 қыркүйек. ҚазТАГ – Оксана Скибан. Егер 2020 жылға қарай 65 және одан жоғары жастағыларлың үлесі 7% құрайды, сөйтіп біздің ел халқы қартайып жатқан ел тізіміне кіреді, деп мәлімдеді сенатор Бірғаным Әйтімова.
«Қазақстан қартайып бара жатыр. БҰҰ жіктемесіне сәйкес егер 65 жас және одан жоғарылардың үлесі 7% құрайды, онда ондай қоғам қартайған деп саналады», - деп хабарлады дүйсенбіде Б.Әйтімова.
Оның айтуынша, Қазақстанда осы санатқа кіретін кәрі адамдардың үлесі 6,6% құрайды. Ал 2020 жылға қарай бұл көрсеткіш 7% асып кетуі және 7,4% жетуі мүмкін.
«Демек бірнеше жылдан кейін біздің еліміз қартаю процесі бар мемлекеттер тізімін толықтыруы мүмкін», - деп санайды сенатор.
Қазақстан халқы қартайып бара жатқан елдер тізіміне кіруі мүмкін
