Қазақстан халқының халықтық санағы 2020 жылға ауыстырылмақ

Күні: 11:15, 07-02-2019.

Астана. 7 қаңтар. ҚазТАГ – Қазақстан халқының халықтық санағы 2020 жылға ауыстырылмақ, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Қазақстан Республикасы халқының халықтық санағы 2020 жылдың 5 ақпаны мен 5 наурызы аралығында жүргізілсін»,- делінген үкімет қаулысының жобасында.
Ұлттық экономика министрлігіне құжатқа сәйкес халықтық санақты өткізуге және оның дайындығына қатысты ұйымдастырушылық және нұсқамалық сұрақтарды шешу үшін арнайы комиссия құруды тапсыру жоспарлануда, оған орталық және жергілікті атқарушы орган қызметін үйлестіру жүктеледі.
«Республикалық және жергілікті бюджеттен бөлінген қаржы аясында», - деп түсіндірген ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов құжаттың түсіндірме жазбасында.
Ол атап өткендей, жобаны қабылдау халық санағының әлемдік санақтың кезекті кезеңі өтетін кезге орайластырылған және мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органға халықтық санақ бағдарламасының уақытылы және сапалы жүргізілуін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
«Жобаны қабылдаудың мақсаты жеке сауал жүргізу арқылы белгілі бір уақыттағы жағдай бойынша елдегі әр тұрғынды сипаттайтын демографиялық, экономикалық және әлеуметтік мәліметтерді жинау болып табылады», - деді Т. Сүлейменов.
Қаулы жобасы 19 ақпанға дейін қоғамдық талқылауға шығарылды.
Еске салсақ, 2018 жылдың 5 қыркүйегінде министр Т.Сүлейменов Қазақстанда халық санағын жүргізу 2019 жылға жоспарланғанын айтқан болатын. Және оны өткізуге республикалық бюджеттен Т8,8 млрд бөлу жоспарланған. Сондай-ақ, ол мәселенің 10 жылда бір өткізілетін жалпы халықтық санақ туралы екенін атап өткен болатын.
19 қарашада ҚазТАГ ХАА халық санағын 2019 жылдың 16 қазаны мен 14 қарашасы аралығында өткізу жоспарланып жатқанын хабарлаған еді. Министрлер кабинетінің тиісті қаулы жобасы сол кезде қоғамдық талқылауға шығарылған еді.


Жаңалықтармен бөлісу: