Қазақстан халқының саны бір жылда 1,3% өсті

Астана. 16 сәуір. ҚазТАГ – Қазақстан халқының саны бір жылда 1,3%-ға өсті, делінген стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің ұлттық статистика бюросынан.
«Елдегі халық саны 2020 жылдың 1 наурызында 18 917,9 мың адамды құрады, соның ішінде қала халқы – 11 187,2 мың (59,1%), ауыл халқы – 7730 мың (40,9%) адам. 2020 жылдың 1 наурызымен салыстырғанда халық саны 245,3 мың адамға немесе 1,3% өскен», - делінген құжатта.
2021 жылдың қаңтар-ақпанында халық көші-қон сальдосы теріс (-2024 адам): Қазақстанға 1398 адам келген, кеткендер – 3422 адам, делінген статистика хабарында.

adimage