Қазақстан халқының саны бір жылда 1,3% өсті

Алматы. 17 мамыр. ҚазТАГ – Қазақстан халқының саны бір жылда 1,3% өсті, деп хабарлады ұлттық экономика министрлігінен.
«2019 жылдың 1 сәуірінде ел халқының саны 18448,6 мың адамды құрады, соның ішінде қалалықтар – 10734,2 мың адам (58,2%), ауылдықтар – 7714,4 мың адам (41,8%). 2018 жылдың 1 сәуірімен салыстырғанда халық саны 235,8 мың адамға немесе 1,3% өскен», - делінген таратылған хабарда
Хабарда нақтыланғандай, қарастырылып отырған кезеңде жалпы өсім республикалық маңыздағы қалаларда байқалған: Шымкентте – 52,7 мың адам, Нұр-Сұлтанда – 50,3 мың және Алматыда – 49,9 мың адам.

adimage