Қазақстан халқының саны жыл басынан бері 1,1%-ға өсіп, 17,35 млн-ға жетті

Күні: 18:58, 13-11-2014.

Астана. 13 қараша. ҚазТАГ – Қазақстан халқының саны жыл басынан бері 1,1%-ға ұлғайып, 2014 жылдың 1 қазанында 17,353 млн адамды құрады, деп хабарлады ҚР ұлттық экономика министрлігінің статистика комитеті.
Жарияланған статмәліметтерде атап көрсетілгендей, Оңтүстік Қазақстан облысы халқының саны жыл басынан бері 1,6%-ға дейін өскен – 2,776 млн адамға дейін жетті, Алматы облысында – 1,2%-ға өсіп 2,009 млн адамға жетті, Маңғыстау облысында – 2,5%-ға өсіп 602,1 мың адамға жетті, Жамбыл облысында – 1%-ға өсіп 1,096 млн адамға жетті, Ақтөбе облысында – 1,3%-ға өсіп 819,5 мың адамға жетті, Қызылорда облысында – 1,4%-ға өсіп 750,3 мың адамға жетті, Атырау облысында – 1,8%-ға өсіп 578,2 мың адамға жетті, Қарағанды облысында – 0,4%-ға өсіп 1,376 млн адамға жетті.
Сонымен бірге Солтүстік Қазақстан облысы халқының саны 9 айда 0,5%-ға азайып, 572,9 мың адамға дейін жетті.
Астана халқының саны 3,7%-ға ұлғайып 844,9 мың адамға жетті, Алматы – 1,8%-ға өсіп 1,535 млн адамға.


Жаңалықтармен бөлісу: