Астана. 16 қазан. ҚазТАГ – Қазақстан Республикасы Алматы қаласының Храпуновтар мен олардың сыбайластарына қарсы талап-шағымынан бас тарту туралы Калифорния Аймақтық сотының шешімімен келіспейді, деп хабарлады ҚР әділет министрлігінің баспасөз қызметінен.
«Бұл ретте, Виктор Храпуновтың Алматы қаласының әкімі болған кезінде лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалану, отбасы мүшелерімен бірлесіп Алматыдан жеті жүз миллион АҚШ долларын ұрлау, бұл ақшаны АҚШ-та және басқа да елдерде жылыстату фактілері жоққа шығарылмайтыны маңызды», - делінген сейсенбідегі әділет министрлігінің хабарында.
Ведомствода атап өтілгендей, Калифорнияның Аймақтық сотының шешімі процедуралық негізде ғана қабылданған.
«Істі қараған судья оны АҚШ аумағында одан әрі қарау үшін АҚШ-та залал келтіру элементі болуы қажет деп санайды. Храпуновтар мен олардың сыбайластары капиталды АҚШ-қа шығару бойынша қаржылық схемалар құрған, түрлі бизнес пен жылжымайтын мүлікке «инвестиция салу» процесін жүргізген.
Калифорнияның Аймақтық сотының шешімі процедуралық негізде ғана қабалданған. Істі қараған судья оны АҚШ аумағында одан әрі қарау үшін АҚШ-та залал келтіру элементі болуы қажет деп санайды.
Храпуновтар мен олардың сыбайластары капиталды АҚШ-қа шығару бойынша қаржылық схемалар құрған, түрлі бизнес пен жылжымайтын мүлікке «инвестиция салу» процесін жүргізген.
Сот процесі нәтижесінде жауапкерлер жаңа сот ауыртпалықтарынан қауіптеніп, қаражаттарын АҚШ-тан дереу шығарып, жобаларын төмен бағаға сатып, оларды тездетіп жаба бастаған. Ильяс Храпуновтың бизнес серіктесі, АҚШ-тағы құрылыс салушы Джозеф Четритпен арасында жанжал туындайды. Бұл жаңа сот процесіне негіз болған.
Айталық, Калифорния штатындағы Храпуновтар мен олармен байланысты тұлғаларға қарсы процес нәтижесінде жауапкерлердің кәсіпорындары бойынша салықтық және корпоративтік құжаттарды алуға қол жеткізілді. Қаржылық схемалар, корпоративтік құрылымдар, сондай-ақ жауапкерлер пайдаланған жалған адамдар туралы ақпарат мәлім болды. Аталған ақпарат Храпунов пен Әбілязовке қарсы, соның ішінде Нью-Йорк штатында жаңа сот процестерін бастауға негіз болды.
Қазақстан Республикасы Калифорниядағы сот шешіміне шағым жасамақшы. Жазаның бұлтартпастығы қағидаты бойынша жұмыс жалғасын таппақ. Қазақстан Республикасы сот төрелігін орнату үшін елімізде және шет елдерде барлық құқықтық тетіктерді пайдаланатын болады.
Естеріңізге сала кетейік, 8 қазанда Алматының бұрынғы әкімі В.Храпунов 17 жылға, оның әйелі Л.Храпунова 14 жылға бас бостандығынан айырылды. Үкім сырттай шығарылды.
В. Храпуновқа қатысты қылмыстық іс 2011 жылдың 22 қарашасында бірқатар сыбайлас жемқорлық пен экономикалық қылмыстарды жасағаны туралы факті бойынша ашылды. Оқшаулау шарасы ретінде сот оны қамауға алуға санкция берді. 2012 жылғы 8 ақпанда құқық қорғау органдарының қызметкерлері мемлекетаралық іздеуді бастады.
В. Храпунов отбасымен бірге Швейцарияның Женева қаласы орналасқан Вале кантонында тұрады. Сонымен қатар, Алматы қаласының бұрынғы әкімінің ұлы Ілияс Храпуновқа да халықаралық іздеу жарияланды. Оны іздестіру бағыты Интерполдың веб-сайтында жарияланды. І. Храпуновтың ұйымдасқан қылмыстық топты құру және оған басшылық жасау, қылмыстық қауымдастыққа қатысу және заңсыз тапқан алынған ақшаны заңдастыру немесе басқа да мүлікті заңдастыру туралы күдікті деп танылды.
2013 жылдың тамызында Қазақстан қаржы полициясы Храпуновтарға қарсы қылмыстық істі тергеу барысында Швейцария Конфедерациясының құзыретті органдарына заң көмегі үшін халықаралық тапсырыс жіберілгенін хабарлады. Заң көмегін көрсету жөніндегі нұсқаулықта келтірілген құжаттар мен дәлелдер Швейцарияның уәкілетті органдары тарапынан зерттелді және талданды, нәтижесінде Швейцария Конфедерациясының аумағында Храпуновтарға қатысты қылмыстық қудалау басталды.
Қатысты сілтемелер
-
Биыл жазда Алматыда екі саябақ пен жағалау аймағының құрылысын аяқтау жоспарланып отыр28 Наурыз 2024, 11:26