Қазақстан үкіметі қоғамдық пікірді ескере отырып, Алматы ЖЭО-2 газдандыру жобасын мақұлдады

Алматы. 20 қазан. ҚазТАГ – Қазақстан үкіметі қоғамдық пікірді ескере отырып, Алматы ЖЭО-2 газдандыру жобасын мақұлдады, деп хабарлады премьер-министрдің баспасөз қызметінен.
«ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен кеңесте Алматы ЖЭО-2 жаңғырту жобасы бойынша шешім қабылданды. Қоғамдық пікірді ескере отырып, жылу электр станциясын жаңғыртудың қарастырылған төрт нұсқасынан қолданыстағы энергетикалық қазандық агрегаттарын реконструкциялау жолымен ЖЭО-2-ні көмірден газға ауыстыру мақұлданды», - делінген сейсенбіде таратылған хабарда
Минкабинетінде мәлімдегендей, «ЖЭО газдандырудың таңдалған нұсқасы қолда бар жеткізу және бұру инфрақұрылымын пайдалануға мүмкіндік береді.
«Бұл ретте қоршаған ортаға әсері барынша азайтылады – күкірт тотығының, күлдің шығарындылары болмайды, азот тотығының және көмірқышқыл газы шығарындыларының деңгейі төмен. Жоба 2025 жылдың соңына қарай кезең-кезеңімен жүзеге асырылады», - делінген хабарда.

adimage