Қазақстан үкіметі темекі шегуге баламаны ынталандыруы тиісті

Москва. 14 қазан. ҚазТАГ - Владимир Радионов. Қазақстан үкіметі темекі шегуге балама боларлық түтінсіз темекі өнімдері сияқтыларды пайдалануды ынталандыруы керек, деп есептейді британиялық қоғам денсаулығы саласындағы сарапшы Клайв Бейтс.
«Егер Қазақстан шынымен темекі проблемасы мен оған байланысты туындайтын аурулардың проблемасымен айналысқысы келетін болса, батыл қадамдарға барып, темекіге қарағанда онша қауіпсіз болатын баламаларды қолдануын ынталандыруы керек. Егер адамдар электрондық темекі мен шегілмейтін темекіге өтетін болса, өздерінің ауруға шалдығу қауіпін 95-99%, пайызға азайта алады – ол адам денсаулығы үшін үлкен жеңіс», - деді К.Бейтс дүйсенбі күні ҚазТАГ агенттігіне ДДСҰ темекіге қарсы күрес жөніндегі шектеулі конвенциясы тараптарының конференциясының алтыншы сессиясының басталар алдында.
Бұл ретте ол балама әдістер денсаулық сақтау саласына айтарлықтай пайда әкелетінін жеткізді.
«Адамдар ерте ме, кеш пе темекі тартуды тастайды деп үміт ету тым қарабайыр. Көбі тастай алмайды, Қазақстандағы еркектердің 40%-ы темекі шегеді. Бірақ,  егер сіздер оларға темекіге балама ұсынсаңыздар, олардың темекіні тастауы оңай болар еді және ол денсаулық сақтау саласының жеңісі болады», - деп түсіндірді К.Бейтс.
ДДСҰ темекіге қарсы күрес жөніндегі шектеулі конвенциясы (ТҚКШК) тараптарының конференциясы Мәскеуде 13-18 қазанда өтуде. Оның жұмысына 180 елден 1 мың делегат қатысуда.
ТҚКШК 2005 жылы күшіне енді және ол әлемде темекіге қарсы күрестің маңызды бағыттарын айқындайды, және ол темекіге деген сұранысты азайту үшін тараптарға темекі бағасы мен салық салу шараларын қабылдауды, адамдарды темекі түтінінен қорғау, темекі бұйымдарын маркалау, жарнамаға тыйым салуды, сондай-ақ темекі бұйымдарын кәмелетке толмағандарға сатуға тыйым салуды т.б. міндеттейді. Қазақстан ТҚКШК-ны  парламенті  деңгейінде 2007 жылы ратификациялаған.

adimage