Қазақстан үкіметі толық құрамда міндетін атқарушылар статусына көшті

Астана. 15 қаңтар. ҚазТАГ – Қазақстан үкіметі толық құрамда міндетін атқарушылар статусына көшті, деп хабарлады Ақорда баспасөз қызметінен.
«Қазақстан Республикасы Конституциясының 70-бабының 1-тармағына, «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 4-бабына сәйкес жаңадан сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің алдында Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілеттігін доғаруына байланысты ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: Қазақстан Республикасы Үкіметінің жаңа құрамы бекітілгенге дейін Қазақстан Республикасының Үкіметі өз міндеттерін атқаратын болсын. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі», - делінген жұмадағы президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығында.

adimage