Қазақстан командасының бокстан өкілі Токио Олимпиадасында 1/8 финалға өтті

Алматы. 26 шілде. ҚазТАГ – Қазақстанның бокстан өкілі Сәкен Бибосынов Токио Олимпиадасында 1/8 финалға өтті, деп хабарлады Қазақстанның Ұлттық олимпиада комитетінің баспасөз қызметінен.
«52 келіде сынға түскен Сәкен бірінші айналымда Пуэрто-Рико өкілі Янкьель Ривера Фигероамен кездескен болатын. Тартысты жекпе-жекте қазақстандық боксшы 4:1 есебімен қарсыласын тізе бүктірді. Айта кетелік, бүгінге дейін Серік Теміржанов (57 келі) пен Зәкір Сафиуллин (63 келі) Токио ойындарындағы алғашқы жеңісін еншілеген болатын», - делінген дүйсенбідегі хабарда.

adimage