Қазақстан Красноярскідегі «Универсиада-2019» ойындарында «алтынсыз» қалды

Күні: 12:18, 13-03-2019.

Алматы. 13 наурыз. ҚазТАГ – Қазақстандық спортшылар Красноярскідегі «Универсиада-2019» қысқы XXIX ойындарында бірде-бір алтын медаль иемдене алмады, деп хабарлады агенттік тілшісі.
Төрт күміс және үш қола медаль иемденген Қазақстан әлемдегі ірі қысқы студенттік спорттық біріншілікте жалпы турнир кестесінде 17-орынға шықты.
«Күмісті» ұлттық құрама қоржынына мәнерлеп сырғанаушы Элизабет Тұрсынбаева, могулшы Павел Колмаков, шаңғы жарысы бойынша ерлер командасында шаңғышы Әсет Дүйсенов әкелді.
«Қоланы» шаңғы акробатикасы бойынша Жанбота Алдабергенова, сондай-ақ шорт-тректен ерлер және әйелдер командасы әкелді.
Қысқы Универсиада-2019 Красноярскіде 2-12 наурыз аралығында өтті.
Еске салсақ, алдыңғы қысқы Универсиаданы – 2017 жылғы Алматыда өткен XXVIII студенттік ойындарда Қазақстан екінші орын алып, жалпы есепте Ресейден қалып қойды. Сол кезде қазақстандық спортшылар 11 алтын, 8 күміс және 17 қола медаль иеленді.


Жаңалықтармен бөлісу: