Қазақстан квазимемсаласы наурыздан бері $890 млн сомаға валюталық түсімін сатқан – Ұлттық банк

Астана. 11 тамыз. ҚазТАГ – Қазақстан квазимемлекеттік саласы наурыздан бері $890 млн сомаға валюталық түсімін сатқан, деп хабарлады Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев.
«КМС субъектілерінің шілдедегі сатылым көлемі $195 млн құрады, шара енгізілгелі ағымдағы жылдың наурызынан бері – $890 млн болған», - деді Досаев сейсенбі күні үкімет отырысында.
Еске салсақ, 23 наурызда Қазақстандағы төтенше жағдай режимін қамту жөніндегі мемлекеттік комиссия отырысында президент Қасым-Жомарт Тоқаев квазимемлекеттік компания басшыларына квазимемлекеттік сала субъектілерінің елдегі валюта нарығындағы экспорттық түсімінің бір бөлімін міндетті түрде сатуды тапсырған еді.

adimage