Қазақстан әлемдегі ең бай елдер арасында 8-9 орында, деп санайды ғалым

Күні: 15:48, 16-10-2014.

Алматы. 16 қазан. ҚазТАГ - Асхат Ахметбеков. Өзінің минералды қорларының арқасында Қазақстан әлемдегі ең бай елдер арасында 8-9 орында тұр, деп санайды Қазақстан ғалымдары одағының президенті, экономика ғылымдарының докторы   Оразалы Сабден.

«Сіздер жақсы білесіздер, Қазақстан – бай мемлекет, бай ел. Байлығы бойынша 8-9 орында тұрмыз. Уран, сирек кедесетін металдар бойынша әлемде 1-2 орында», - деп мәлімдеді О.Сабден бейсенбіде халықаралық «Интеграциялық үдерістердің даму жағдайындағы АӨК мәселелері» ғылыми-тәжірибелік конференциясында.  

«Дегенмен пайдалы қазбалар – мұнай, газ жарты ғасырдан кейін, мүмкін одан да көп уақыттан кейін таусылар. Сонда неге үміт арту керек? Әрине, ең алдымен миға және аграрлық ғылымға деп ойлаймын. Себебі ауыл шаруашылығы - бұл ең бастысы», - деді ол.


Жаңалықтармен бөлісу: