Қазақстан әлемдік гүлдену рейтингінде Сауд Арабиясын артта қалдырды

Алматы. 26 қараша. ҚазТАГ – Қазақстан Legatum Prosperity Index 2019 гүлдену рейтингінде 167 елдің ішінен 68-орынға көтеріліп, Сауд Арабиясын артта қалдырды. .
«Қазақстан гүлдену индексінің жалпы рейтингінде 68-орында тұр. 2009 жылдан бастап Қазақстан рейтинг кестесінде 10 орынға жоғарылады», - делінген Legatum institute рейтингін құрастырушылардың ресми сайтында.
Бұл ретте атап өтілгендей, Қазақстанда жеке бас бостандығының дамуы әлсіз
«Қазақстан өзін білім және инвестициялық сала бойынша барынша мықты жағынан көрсетуде, алайда жеке бас бостандығы жағынан барынша әлсіз. 10 жыл бұрын әлеуметтік бағыттағы негізгі қор саласы барынша мықты дамыған еді», - делінген хабарда.
68-орынға тұрақтаған Қазақстан Мексикадан (67) кейін тұр, алайда Бразилия (69) мен Сауд Аравиясы (71) секілді елдерді кейінге қалдырған.
Пост-кеңестік елдер арасында ең жоғары рейтингке Балтық жағалауы елдері орналасқан: Эстония – 21-орын, Литва –33, Латвия –35. Грузия 53-орында, Армения – 61, Беларусь – 73, Ресей – 74, Молдова – 81, Қырғызстан – 88, Әзірбайжан – 92, Украина – 96, Өзбекстан – 103, Түркіменстан – 108, Тәжікстан – 114.
Рейтингің жоғарысында Норвегия, Швейцария мен Швеция, төмен жағында – Орталық Африка республикасы, Йемен және Оңтүстік Судан тұр.

adimage