Алматы. 23 қараша. ҚазТАГ – Әлемдік әскери Global Firepower рейтингінде Қазақстан 50-ші орын иеленіп, Нигерия мен Анголадан артта қалды, деп хабарлады рейтингті құрастырушылардың ресми сайтынан.
Қазақстан рейтингте 136 орынның 50-шісін иеменді, сөйтіп Ангола (48 орын) және Нигерия (43 орын) секілді елдерден қалып қойса, Эфиопиядан (51-орын) алға шықты.
Рейтингтің алғашқы үш жолында АҚШ, Ресей мен Қытай тұр. Сонымен қатар алғашқы ондыққа Үндістан, Франция, Ұлыбритания, Оңтүстік Корея, Түркия және Германия кірген.
Украина 29-орында, Өзбекстан- 39, Беларусь – 41, Әзірбайжан – 53, Түркіменстан – 80, Грузия – 82, Армения – 84, Қырғызстан – 91, Литва- 95, Тәжікстан – 96, Латвия – 105, Эстония – 108-орынға тұрақтады.
Рейтингтің соңғы үш жолында Суринам, Либерия және Бутан орналасқан.
Әлемдік әскери Global Firepower рейтингі 55 көрсеткіш негізінде шығаралады, оған қаруларының жалпы санынан басқа, оның әр түрлілігі де кіреді. Рейтинг жасалатын формула қаруы аз бірақ техноголиясы түрғысынан барынша дамыған елдерге барынша мықты елдермен бәсекеге түсуге мүмкіндік береді.
Рейтингті жасау барысында сондай-ақ, географиялық факторлар, логистикалық икемділік, табиғи қоры, қаржылық тұрақтылығы және жергілікті өнеркәсіптің дамуы да маңызды. Рейтингті құру кезінде ядролық қаруының бары ескерілмейді, теңізге шықпайтын елдерде кеменің болмауы да рейтинг балдарының түсірілуіне себеп емес.
Қазақстан әлемдік әскери рейтингте Нигерия мен Анголадан қалып қойды
