Астана. 26 қараша. ҚазТАГ – Қазақстан Ұлттық банкі 10 айда төлем жүйесі арқылы Т648 трлн астам сомаға транзакция жүргізді, деп хабарлады қаржылай реттеушінің баспасөз қызметінен.
«2019 жылғы он айда Ұлттық Банктің төлем жүйелері (Банкаралық ақша аудару жүйесі және Банкаралық клиринг жүйесі) арқылы 648,2 трлн теңге сомаға 34,3 млн транзакция өткізілді (2018 жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда саны мен сомасы 3,2%-ға) азайды. Бір күнде аталған төлем жүйелері арқылы орташа алғанда 3,2 трлн теңге сомаға 166,5 мың транзакция жүргізілді», - делінген сейсенбідегі хабарда.
2019 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасының аумағында 17 төлем жүйесі, оның ішінде Ұлттық Банктің төлем жүйелері, ақша аударымдары жүйелері, төлем карточкалары жүйелері жұмыс істейді.
«2019 жылғы қаңтар-қазан аралығында қазақстандық эмитенттердің төлем карточкаларын пайдалана отырып жасалған операциялар көлемі 24,1 трлн теңге сомаға 1,2 млрд транзакцияны құрады (2018 жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда транзакциялар саны 94,1%-ға, сомасы 52%-ға өсті). Қазақстандық эмитенттердің төлем карточкаларын пайдалана отырып жасалған операциялардың жалпы құрылымындағы қолма-қол ақшасыз төлемдердің үлесі саны бойынша 74,2%-ға дейін (2018 жылы – 63,9%), көлемі бойынша 43,9%-ға дейін (30,8%) өсті», - деді реттеуші.
Хабарда атап өтілгендей, 2019 жылғы 1 қарашада Қазақстан Республикасында төлем карточкаларын шығаруды 22 банк пен «Қазпочта» АҚ жүзеге асырды, эмиссияланған және таратылған төлем карточкаларының жалпы саны 31,2 млн бірлікті құрады, ақы төлеуге төлем карточкаларын қабылдайтын 91,1 мың сауда кәсіпорны жұмыс істеді, төлем карточкаларына қызмет көрсету желісі 11,7 мың банкомат пен 163 мың POS-терминал арқылы ұсынылған.
«2019 жылғы он айда халықаралық ақша аударымдары жүйелері арқылы жіберілген ақшаның жалпы көлемі 577,0 млрд теңге сомаға 2,4 млн аударымды құрады. 2018 жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда ақша аударымдары көлемінің артуы 2,7%-ды құрады. Қазақстаннан тыс жіберілген аударымдардың жалпы көлемінен транзакцияның жалпы санының (2,2 млн транзакция) 92,0%-ы және жалпы сомасының 93,7%-ы (540,4 млрд теңге) бағытталды. Қазақстан бойынша ақша аударымы жүйелері арқылы ақша аударымдарының жалпы санынан 8,0% (0,2 млн транзакция) және жалпы сомасынан 6,3% 6 (36,6 млрд теңге) жүргізілді. Шетелден халықаралық ақша аударымдары жүйелері арқылы 290,2 млрд теңге сомаға 1,4 млн транзакция алынды», - делінген хабарда
Қатысты сілтемелер
-
Түркістанда жолдарды түгендеу және паспорттау қызметіне Т150 млн жұмсамақ28 Наурыз 2024, 17:22
-
ТЖМ Қазақстандағы су тасқыны бойынша жедел ақпарат ұсынуға қауқарсыз болып шықты28 Наурыз 2024, 17:17
-
Ауыр қылмыс жасаған екі күдікті Түркиядан Алматыға жеткізілді28 Наурыз 2024, 17:07
-
Тоқаев ЭЫДҰ бас хатшысымен кездесті28 Наурыз 2024, 16:51
-
Қазақстанда 15 сәуірден жол жүрісі қауіпсіздігі бойынша жаңа жобаның пилоты басталмақ28 Наурыз 2024, 16:34