Қазақстан Ұлттық банкі 2019-2020 жылдары инфляция төмендейді деп болжауда

Алматы. 7 желтоқсан. ҚазТАГ – 2019-2020 жылдары инфляцияның төмендеуі күтіледі, деп хабарлады Ұлттық банктің баспасөз қызметінен.  
«Қазақстандағы жылдық инфляция 2019 жылы 4-6% аралығындағы жаңа нысаналы дәлізге оның жоғарғы шегінде бола отырып, біртіндеп кіре бастайды. Алдыңғы «2018 жылғы тамыз-қыркүйек» болжамдық раундпен салыстырғанда инфляцияның траекториясы аздап төмендеу жағына қарай түзетілді, бұл 2019 жылы монополистер көрсететін қызметтер бағасының күтіліп отырған төмендеуіне байланысты. 2020 жылғы бірінші жартыжылдықта Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бағалауы бойынша жылдық инфляцияның біртіндеп бәсеңдеуі жалғасады», - делінген жұмадағы хабарда.
Инфляцияның серпінін айқындайтын негізгі факторлардың арасынан ең төменгі жалақының ұлғаюы, қызметкерлердің жалақысы төмен санаттары үшін салық жүктемесінің төмендеуі және тұтынушылық кредиттеудің өсуінің сақталуы; Ресейдегі инфляция бойынша болжамдарды қайта қарауға байланысты инфляция аясының көтерілу жағына қарай нашарлауы; Ресейге қатысты санкциялық ая нашарлаған кезде Ресей рублінің ықтимал құнсыздануы; болжам жасалатын кезеңде ұсыныстың сұраныстан артуы аясында энергия ресурстары бағасының төмендеуі нәтижесінде нақты ақша кірістерінің болашақтағы нығаюын атап көрсетуге болады.
«Қазақстанның экономикасы сыртқы күйзелістерге ұшырағыш болып қалуда, мұнай бағасы бұрынғыдай экономикалық белсенділіктің серпінін анықтайтын маңызды фактор болып табылады. Бір баррель үшін 40 АҚШ доллары сценарийі іске асырылған жағдайда жылдық инфляцияның 2019-2020 жылдары нысаналы дәліздің жоғарғы шегінен асатын айтарлықтай тәуекел бар, ол ақша-кредит талаптарына түзетулер енгізуді талап етеді», - деді Ұлттық банктен.

adimage