Алматы. 21 мамыр. ҚазТАГ – Қазақстан Ұлттық банкі Еуразиялық экономикалық одақтың бес жылдығына арнап коллекциялық монаталар шығарды, деп хабарлады қаржылық реттеушінің баспасөз қызметінен.
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 2019 жылғы 21 мамырда номиналы 50 000 және 500 теңгелік алтыннан, номиналы 500 теңгелік күмістен «Eýrazialyq ekonomikalyq odaq. 5 jyl» коллекциялық монеталарын айналысқа шығарады», - делінген сейсенбіде таратылған хабарда.
Ұлттық банк ақпарынша, монеталардың бет жағында (аверсінде) орталық бөлігінде Қазақстан Республикасының елтаңбасы бейнеленген.
«Монеталарды айналдыра оларға сәйкес келетін номиналдар, «QAZAQSTAN RESPÝBLIKASY» және «REPUBLIC OF KAZAKHSTAN» деген жазбалар, монеталар дайындалған металды, олардың сынамы мен массасын білдіретін жазбалар орналасқан. Монеталардың сырт жағында (реверсінде) орталық бөлігінде Еуразиялық экономикалық одақтың ресми эмблемасы және соғылған жылын білдіретін «2019» деген сан бейнеленген. Эмблема айналасында интерференциялық түрлі түсті бейнелеу және түсті бояу технологиясын қолдана отырып орындалған таспалы ою-өрнектерден және Еуразиялық экономикалық одаққа қатысушы елдердің мемлекеттік туларынан композиция орналасқан. Монетаның жоғарғы бөлігінде – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің тауар белгісі (логотипі). Монетаны айналдыра «EÝRAZIALYQ EKONOMIKALYQ ODAQ. 5 JYL» және «ЕВРАЗИЙСКИЙ ЭКОНОМИЧЕСКИЙ СОЮЗ. 5 ЛЕТ» деген жазбалар бар», - делінген қаржылық реттеуші хабарында.
Ұлттық банк ақпарынша, 999 сынамды алтыннан, номиналы 50 000 теңгелік, массасы 1 кг, диаметрі 100 мм, таралымы 20 (жиырма) дана; 999 сынамды алтыннан, номиналы 500 теңгелік, массасы 31,1 грамм, диаметрі 32 мм, таралымы 500 (бес жүз) дана; 925 сынамды күмістен, номиналы 500 теңгелік, массасы 31,1 грамм, диаметрі 38,61 мм, таралымы 1500 (бір мың бес жүз) дана дайындалған.
«Коллекциялық монеталар Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында көрсетілген құнымен төлемнің барлық түрлері бойынша, сондай-ақ банк шоттарына есептеу және аударым жасау үшін қабылдануға міндетті, Қазақстан Республикасының барлық банктерінде шектеусіз ұсақталады және айырбасталады. Коллекциялық монеталарды «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан теңге сарайы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны дайындаған. Монеталар коллекциялық құны бойынша сатуға арналған, кәдесыйлық ораумен шығарылады және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдеріндегі нөмірлік сапа сертификатымен жабдықталған», - делінген хабарда
Қатысты сілтемелер
-
KASE саудасында теңгенің орташа бағамы Т1,35-ке өсіп, Т446,77 болды29 Наурыз 2024, 17:43
-
Кіші медициналық персоналдың жалақысы төрт жылда екі есеге артады - Дүйсенова29 Наурыз 2024, 17:35
-
Ақтөбе облысында Ақтөбеден басқа тағы төрт ауданда ТЖ режимі жарияланды29 Наурыз 2024, 17:20
-
Көкшетауда су тасқыны салдарынан ТЖ режимі жарияланды29 Наурыз 2024, 17:06
-
Маңғыстауда теңіз жағалауынан 40 итбалықтың өлексесі табылды29 Наурыз 2024, 16:08