Астана. 11 маусым. ҚазТАГ – Владимир Радионов. Қазақстан Ұлттық банкінің төрағасы Ерболат Досаев инфляция өсімінің негізгі себебін атады.
«Ағымдағы жылғы мамырда айлық инфляция 0,6%-ды құрады, жылдық инфляция 5,3%-ға дейін өсті. 2019 жылғы мамырда азық-түлік тауарлары нарығында 7,9%-ға жеткен бағаның басым түрде өсуі инфляцияға негізгі үлес қосып, ол халықтың нақты ақшалай кірістерінің тез өсуі жағдайында орын алды. Азық-түлікке жатпайтын тауарларға бағаның өсуі 6,1% болды, ақылы қызметтерге тарифтердің инфляцияға үлесі төмен болып қалуда», - деді Досаев сейсенбідегі үкімет отырысында.
Сондай-ақ, ол еске салғандай, Қазақстан Ұлттық Банкі болжамдық раунд нәтижелері бойынша ағымдағы жылғы 3 маусымда базалық ставканы 9,00% деңгейде сақтау туралы шешім қабылдады.
«Сыртқы талаптар және ішкі факторлар бойынша нақтыланған бағалау 2020 жылдың соңына дейін 4-6% нысаналы дәлізге жетуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Ішкі және сыртқы сектордағы тәуекелдердің балансы базалық ставканың деңгейі туралы кейінгі шешімдерді жоғары траекториясына қарай апарады», - деді Досаев.
Еске салсақ, 3 маусымда қазақстан Ұлттық банкі базалық мөлшерлемені 9% деңгейінде сақтап қалды.
Қатысты сілтемелер
-
Биыл жазда Алматыда екі саябақ пен жағалау аймағының құрылысын аяқтау жоспарланып отыр28 Наурыз 2024, 11:26